Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Мартукского районного маслихата» и его описания

Ереже · № 65 · қабылданған 10.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111067/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Мартукского районного маслихата» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 65 ·10.03.2017
07.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Мартукского районного маслихата» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 65 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Мартукского районного маслихата» и его описания
Атауы (қаз.)
«Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
10.03.2017
Көрсетілген редакция
07.07.2020 111067_471007.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CH005401
ЭКБ идентификаторы
111067
Редакция идентификаторы
111067_471007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:50

0 «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2017 жылғы 10 наурыздағы № 65

Мәртөк аудандық мәслихаттың
шешімімен бекітілген
«Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

4 4. Қызметтік куәлік Мәртөк аудандық мәслихаты хатшысының (бұдан әрі – мәслихат хатшысы) қолы қойылып беріледі.

5 5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

Мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналында қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

6 6. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аппараттың кадр жұмысына жауапты қызметкердің сейфінде сақталады.

7 7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде, қызметтік куәлікті беруге жауапты, кадр жұмысына жауапты қызметкер бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

3 3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

8 8. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 x 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.

9 9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен «МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі» деген жазу жазылған.

10

10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі, «Государственное учреждение «АППАРАТ МАРТУКСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА» деген жазулар орналастырылған.

11 11. Сол жағында: көлемі 3х4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

12

12. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен куәліктің берілген күні көрсетіледі.

4 4. Қорытынды ережелер

13 13. Кадр жұмысына жауапты қызметкер жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырма тексеріс жүргізеді.

14 14. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

15 15. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр жұмысына жауапты қызметкерге жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

16

16. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр жұмысына жауапты қызметкер қызметтік тексеру туралы өкім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде мәселені қарайды.

17 17. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр жұмысына жауапты қызметкер хабардар етіледі.

Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр жұмысына жауапты қызметкер береді.

18 18. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті кадр жұмысына жауапты қызметкерге тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты тұлғаның қолы қойылады.

19 19. Жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде мемлекеттік қызметшілерімен тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

27 «Мәртөк аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемелекеттік қызметшілерінің
қызметтік куәлігін беру Қағидаларына
және оның сипаттамасына
қосымша
Нысан
«Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, аты, жө­ні
(болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Алын­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­ме­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе: Қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп кадр жұмысына жауапты қызметкерінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

Қолданыстағы