Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-16-01
- Қабылданған күні
- 30.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2017 111076_224791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PCJ05451
- ЭКБ идентификаторы
- 111076
- Редакция идентификаторы
- 111076_224791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:33
0 Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес және Екібастұз қаласы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 2-04/49 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдың пастереллез ауруының анықталуына байланысты, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Тай ауылының аумағына шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Т. Садвакасов
2017 жылғы «30» наурыз
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.К. Жакенов
2017 жылғы «30 наурыз»
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті Павлодар облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
Екібастұз қалалық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
К.К. Токатов
2017 жылғы «30 наурыз»