Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 145 · қабылданған 04.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111105/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·04.04.2017
04.04.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
04.04.2017
Көрсетілген редакция
04.04.2017 111105_172169.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
D17F0000145
ЭКБ идентификаторы
111105
Редакция идентификаторы
111105_172169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:29

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 18-5/520 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11594 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығының (2016 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы