Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 20 · қабылданған 28.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111125/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 20 ·28.03.2017
28.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 20 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20
Қабылданған күні
28.03.2017
Көрсетілген редакция
28.03.2017 111125_172689.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZMA04752
ЭКБ идентификаторы
111125
Редакция идентификаторы
111125_172689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:36

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 363 ұсынысы негізінде Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. «Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4547 тіркелген, 2016 жылы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы