Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Жанаозен

Өзге акт · № 9/101 · қабылданған 03.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111182/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Жанаозен Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/101 ·03.03.2017
19.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Жанаозен

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/101 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Жанаозен
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/101
Қабылданған күні
03.03.2017
Көрсетілген редакция
19.10.2023 111182_661366.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17MB003323
ЭКБ идентификаторы
111182
Редакция идентификаторы
111182_661366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:54

0 Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық

қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).

3

3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Мұстафаев _________________
«3» наурыз 2017 жыл

5 Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 9/101 шешіміне қосымша
Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептеу бірлігі
Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы, м³
1
Жайлы
және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,87
2
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,9
3
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,4
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,7
5
Емханалар
1 келіп кету
0,0003
6
Ауруханалар, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
2,26
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,14
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,44
9
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,28
10
Азық – түлік,
өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м²
0,9
11
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңы 1 м²
0,13
12
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңы 1 м²
0,24
13
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңы 1 м²
0,2
14
Дәріханалар
сауда алаңы 1 м²
0,35
15
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина - орын
1,2
16
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,42
17
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,0
18
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1 м²
0,24
19
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы 1 м²
0,44
Ескертпе: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы: АЖС – автокөлікке жанармай құю станциясы; м2  - шаршы метр; м3- текше метр.

Қолданыстағы