Об утверждении Правил квалификационной подготовки судебных экспертов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил квалификационной подготовки судебных экспертов
- Атауы (қаз.)
- Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 342
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2020 111185_442454.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015003
- ЭКБ идентификаторы
- 111185
- Редакция идентификаторы
- 111185_442454
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0 Сот сарапшыларының
біліктілік даярлығы қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Сот-сараптамасы қызметі туралы» Заңының 12-тармағы 14) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған сот сарапшыларының біліктілік даярлығы туралы ұсынылған Қағидасы бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 “Арнайы кәсіби дайындық Қағидасын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашадағы № 303-305 (26364-26366) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, 2013 жылғы 29 тамыздағы № 287 «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары органына алғаш жұмысқа қабылданған тұлғалардың арнайы кәсіби дайындықтан өту Қағидасын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8727 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп саналсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
3 3) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидасы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы № 342
бұйрығымен бекітілді
Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидасы
1
1. Осы сот сарапшыларының біліктілік даярлығы туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) – сот сараптамалар органына алғаш сарапшы ретінде жұмысқа қабылданатын қызметкердің және сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия алуға үміткер адамдардың (бұдан әрі – үміткерлер) біліктілік даярлығын ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
2 2. Қағида сот сарапшысы біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға оның рұқсат алу мақсатында сот-сараптама мамандығын игеру бойынша жоғарғы білімі бар үміткерді тиімді даярлауды ұйымдастыруға бағытталған.
3 3. Біліктілік даярлығын ұйымдастыру Орталыққа жүктеледі, ол сараптама мамандығы бойынша тиісті жұмыс тәжірбесі бар даярлау басшысын анықтайды, оның қорытындысы бойынша есепті бекітеді, біліктілік даярлығы барысы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
4 4. Үміткерлердің біліктілік даярлықтан өтуін қамтамасыз ету, сараптама мамандығын жетік игеру үшін оған қажетті жағдайларды жасауды Орталық жүзеге асырады.
5 5. Үміткерлерді біліктілік даярлау мерзімі сараптамалық мамандығына байланысты, негізгі даярлық деңгейіне, сондай-ақ, тиісті білім саласында үміткердің жұмыс өтілі Орталықтың келісімі бойынша алты айдан бір жыл шегінде біліктілік даярлау басшысы белгілейді.
6 6. Біліктілік даярлық мазмұны тиісті сараптама мамандығы бойынша типтік біліктілік даярлық бағдарламасымен анықталады (бұдан әрі - БДБ), оны Орталық құрастырады және бекітеді.
7 7. Қызметкерді нақты сот-сараптама мамандығы бойынша БДБ келесіні қамтиды:
1 1) жалпы бөлімі: құқықтық білім негіздері (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесстер негіздері), криминалистикалық және сот экспертологияның ғылыми негіздері;
2 2) арнайы бөлімі: сот сараптамасының анықталған түрінің теориялық және әдістемелік негіздері, сот сараптамасының анықталған түрін тағайындау және өндірісі негіздері.
8 8. Үміткердің біліктілік даярлығы жеке сипатта және олар төмендегіні қарастырады:
жеке теоретикалық және тәжірибелік дайындықты;
қажетті кәсіби дағдыларды алу және оларды біліктілік даярлау басшысының басшылығымен сот-сараптамасы өндірісіне қатысу, арқылы жетілдіру;
сот-сараптамасы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделеу;
сарапшы қорытындысын құрастыру бойынша тәжірибелік дағдыларды алу;
сот-сараптама зерттеулерінің тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу;
біліктілік даярлау басшысымен зерделенген материалдарды бекіту және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру үшін сараптама тәжірбиесіндегі проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау.
9 9. Біліктілік даярлау басшысы:
үміткерге теориялық мәселелерді игеру және тәжірбиелік дағдыларды алуға көмек көрсетеді;
сараптама зерттеулер тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу кезінде қиындық келтіретін мәселелерді түсіндіреді;
теоретикалық мәселелер бойынша ауызша сұранысты жүзеге асырады, тәжірбиелік тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
біліктілік даярлық барысы туралы Орталықты хабардар етеді.
10
10. Үміткер біліктілік даярлау мерзімінің өтуі бойынша орындалған жұмыс мазмұны мен көлемін көрсетіп, онда даярлау бағдарламасы бейнеленген біліктілік даярлықты өту туралы жазбаша есебін құрастырады, біліктілік даярлау басшысы жазбаша сұраныс түрінде сот-сараптамасы мамандығын игеру ұзақтығы, көлемі мен тиімділігі көрсетіліп, қажетті ұсыныстар береді.