Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Кызылорда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Кызылорда
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7454
- Қабылданған күні
- 16.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2017 111219_252275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LA005792
- ЭКБ идентификаторы
- 111219
- Редакция идентификаторы
- 111219_252275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:44
0 Қызылорда қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №317 бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «16» наурыздағы
№ 7454 қаулысына қосымша
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
1
Күріш
01.02.2017 жыл
01.12.2017 жыл
2
Майлы дақылдар
01.02.2017 жыл
01.12.2017 жыл
3
Сүрлемдік жүгері
01.02.2017 жыл
01.12.2017 жыл
4
Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
01.02.2017 жыл
01.12.2017 жыл
5
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар) (екі дақыл айналымы)
01.02.2017 жыл
01.12.2017 жыл