О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 13.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2017 111239_176172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CK005371
- ЭКБ идентификаторы
- 111239
- Редакция идентификаторы
- 111239_176172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:47
0 Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 86 шешіміне қосымша
Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 113 «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-57 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 наурызында аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
2
2. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 148 «29 қаңтар 2009 жылғы № 113 «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-67 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
3
3. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 144 «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы (схемасы) және жер салығының базалық ставкаларының түзету коэффициенттері туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-68 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
4
4. Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 «Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
5
5. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 148 «Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 «Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
6
6. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 254 «Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
7 7. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 149 «Ойыл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 сәуірінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
8
8. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 191 «Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4017 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
9
9. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 255 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 156 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған);
10
10. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 282 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4722 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 ақпанында аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған).