Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны

Өзге акт · № 115/17-VI · қабылданған 17.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111384/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны Қолданыста Өзге акт ·№ 115/17-VI ·17.03.2017
03.10.2023 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны

Қолданыста Өзге акт ·№ 115/17-VI · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115/17-VI
Қабылданған күні
17.03.2017
Көрсетілген редакция
03.10.2023 111384_658963.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17AAZ01098
ЭКБ идентификаторы
111384
Редакция идентификаторы
111384_658963
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:41

0 Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мынадай тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

1-1 1-1. Алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 281/36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 115/17-VI
шішіміне қосымша
Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда мүгедек балаға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы