Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Жарминского районного маслихата»

Ереже · № 10/84-VI · қабылданған 14.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111386/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Жарминского районного маслихата» Күшін жойған Ереже ·№ 10/84-VI ·14.03.2017
24.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Жарминского районного маслихата»

Күшін жойған Ереже ·№ 10/84-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи и описания служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения «Аппарат Жарминского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/84-VI
Қабылданған күні
14.03.2017
Көрсетілген редакция
24.06.2020 111386_470640.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VJ004954
ЭКБ идентификаторы
111386
Редакция идентификаторы
111386_470640
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:46

0 «Жарма аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, 8 бабының 3 тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімінің 1 қосымшаға сәйкес «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімінің 2 қосымшаға сәйкес «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

Жарма аудандық мәслихатының
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 10/84-VI шешіміне 1 қосымша
«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес бекітілген, және «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

3 3. Қызметтік куәлік аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне – Жарма аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

4 4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

5 5. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік органының кадр қызметінің сейфінде сақталады.

6 6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес акті шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

7 7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтері қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жыда бір рет жойылуға жатады.

Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

8 8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті мемлекеттік органның кадр қызметінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

9 9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу мемлекеттік органның кадр қызметін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

10

10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органның кадр қызметі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

11 11. Мемлекеттік органның кадр қызметінің қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

12 12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды мемлекеттік органның кадр қызметі жүзеге асырады.

19 Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларына қосымша
Үлгі
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Те­гі, Аты, Жө­ні (бар болған жағдайда)
Атқара­тын ла­у­а­зы­мы
Бері­л­ген кү­ні
Жарамды­лық мерзі­мі
Алғаны жөнінде же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (актінің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ескертпе
Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің мөрімен расталады.

20 «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Жарма аудандық мәслихатының
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 10/84-VI шешіміне 2 қосымша
«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1 1. Куәлік мұқабасының көлемі 20 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

2

2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына (бұдан әрі - қызметтік куәлік сипаттамасы) 1-қосымшаға сәйкес үлгіде «КУӘЛІК» «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

4 4. Сол жағында: көлемі 3 см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісті мемлекеттік орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

5

5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 см х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

26 Куәлік мұқабасы

«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1 қосымша
Куәлік мұқабасы

27 Куәліктің ішкі бөлігі

«Жарма аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына 2 қосымша
Куәліктің ішкі бөлігі
Қазақстан Республикасы ШҚО Жарма ауданы «Жарма аудандық мәслихатының аппараты» ММ
Республика Казахстан ВКО Жарминский район ГУ «Аппарат Жарминского районного маслихата»
(ФОТО) № КУӘЛІК
ТЕГІ
Аты Әкесінің аты
лауазымның толық атауы
Аудандық мәслихаттын
хатшысы МО
(герб) УДОСТОВЕРЕНИЕ №
(елтаңба)
ФАМИЛИЯ
Имя Отчество
Полное наименование должности
Осы куәлік 20__жылғы «____»________дейін жарамды
Настоящее удостоверение действительно до
«___» ____ 20 года

Қолданыстағы