О внесении изменений в некоторые решения акима Байнассайского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима Байнассайского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 18.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2017 111442_176380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CHG05447
- ЭКБ идентификаторы
- 111442
- Редакция идентификаторы
- 111442_176380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:40
0 Байнассай ауылдық округі
әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1
1) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 1 «Байнассай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімінің деректемелерінде «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөзімен ауыстырылсын.
2 2) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1 «Байнассай ауылының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемесіндегі «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.