Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки и земельного налога по сельскому округу Сайына Шапагатова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки и земельного налога по сельскому округу Сайына Шапагатова
- Атауы (қаз.)
- Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10/85
- Қабылданған күні
- 17.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2018 111491_334112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MF003338
- ЭКБ идентификаторы
- 111491
- Редакция идентификаторы
- 111491_334112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:41
0 Сайын Шапағатов ауылдық округі
бойынша жерді аймақтарға бөлу
жобасын (схемасын), жер учаскелері
үшін төлемақының және жер салығының
базалық мөлшерлемелеріне түзету
коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 және 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
2
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түпқараған ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Утепбергенова
17 наурыз 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Сайын Шапағатов ауылдық
округінің әкімі
Ғ.Нұржаубай
17 наурыз 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Кулдашов
17 наурыз 2017 жыл
4 Түпқараған аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы
№10/85 шешіміне
1 қосымша
Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Масштаб 1:15000
5 Аймақтардың сипаттамасы
Түпқараған аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
17 наурыздағы №10/85 шешіміне
2 қосымша
Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Аймақ
№
Аймаққа енетін аумақтар
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
I
Селитебтік және өндірістік аумақ
1,5
1,5
II
Жобаланған құрылыс
1,3
1,5
III
Резервтегі аумақ
1,0
1,5
Аймақтардың сипаттамасы
I аймақ - cелитебтік және өндірістік аумақ (тұрғын және өндірістік құрылыстар).
Шекарасы: батысында - Каспий теңізінің жағалауымен, солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында - Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімшілік шекарасы бойымен, «Ақтау - Форт-Шевченко» автомобиль жолынан (287 метрден 396 метрге дейін) (бас жоспар бойынша жобаланған көше) оңға қарай өтеді.
II аймақ - жобаланған құрылыс. Ауылдық округтің даму жоспарына сәйкес жобаланған құрылыстардың жерлері кіреді.
Шекарасы: солтүстігінде - Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімшілік шекарасы бойымен, оңтүстік - батысында - «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолынан (287 метрден 396 метрге дейін) (бас жоспар бойынша жобаланған көше) оңға қарай өтеді.
III аймақ - резервтегі аумақ.
Шекарасы: батысында - Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімшілік шекарасы бойымен өтеді.