Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения акима Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района

Өзге акт · № 9 · қабылданған 24.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111500/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения акима Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 9 ·24.03.2017
24.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения акима Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 9 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения акима Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района
Атауы (қаз.)
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
24.03.2017
Көрсетілген редакция
24.03.2017 111500_177563.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CIF05439
ЭКБ идентификаторы
111500
Редакция идентификаторы
111500_177563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:39

0 Мұғалжар ауданы

Батпақкөл ауылдық округі
әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мұғалжар ауданы

Батпақкөл ауылдық округі әкімінің
«24» наурыздағы 2017 жылғы № 9
шешіміне қосымша
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1

1) Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 8 қазақ тіліндегі «Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-68 тіркелген, 2008 жылғы 1 қазанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Жағабұлақ ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2

2) Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 9 қазақ тіліндегі «Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Саға, Қожасай ауылындарына көше атауын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-69 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Саға, Қожасай ауылдарының көшелеріне атау беру туралы»
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Саға, Қожасай ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

3

3) Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 10 қазақ тіліндегі «Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-74 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылы тұрғындарының конференциясының және Мұғалжар аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 4 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

4

4) Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 23 «Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-151 тіркелген, 2008 жылғы 16 қарашада аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінде:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде «аульного» сөзі тиісінше «сельского» сөзімен ауыстырылсын
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес жіне Жағабұлақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

Қолданыстағы