Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственногоучреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района» и его описание

Ереже · № 14/97 · қабылданған 17.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111521/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственногоучреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района» и его описание Күшін жойған Ереже ·№ 14/97 ·17.03.2017
10.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственногоучреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района» и его описание

Күшін жойған Ереже ·№ 14/97 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственногоучреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района» и его описание
Атауы (қаз.)
«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/97
Қабылданған күні
17.03.2017
Көрсетілген редакция
10.08.2020 111521_479958.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17PK005470
ЭКБ идентификаторы
111521
Редакция идентификаторы
111521_479958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:42

0 «Павлодар аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру қағидалары
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

Павлодар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 14/97 шешімімен бекітілді
«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін
беру қағидалары және оның сипаттамасы

5 1 - тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - Куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – мәслихат аппараты) атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

8 2 - тарау. Куәлік беру тәртібі

3 3. Куәлік мәслихат хатшысының қолтаңбасымен «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері) беріледі.

4 4. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалғанда, ауыстырған (қайта тағайындаған), алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

5

5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, «Б» корпусының қызметшілері тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (бұдан әрі – бас маман) тапсырады.

6 6. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында бас маман жүзеге асырылады.

7 7. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, бас маман жүргізеді.

8 8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда «Б» корпусының қызметшісі үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде аудандық мәслихат хатшысына хабарлайды.

9 9. Куәлікті жоғалтқан тұлға жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

10 10. Куәлікті дұрыс сақтаму нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ куәлікті басқа тұлғаларға беру, куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты қызметтік тексеру жүргізеді.

11 11. Жоғалған немесе бүлінген куәлікті қалпына келтіреді.

18 3 - тарау. Куәліктің сипаттамасы

12

12. Көк түсті теріден жасалған былғары мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және «Куәлік» деген қазақ және орыс тілінде жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 6,5x19 сантиметр, ішбеті (форматы 6,2x8,3 сантиметр) бар. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, қазақ және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақ бұрыштың оң жағында 3х4 сантиметр фотосуретке арналған орын бар. Оң жақта диаметрі 1,5 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті бар. Сол жақ төмені тарапында мәтін аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады. Оң жақ төменгі тарапында куәліктің қолданыс мерзімі қазақ және орыс тілінде көрсетіледі.

20 «Павлодар аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру және қайтару журналы

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Атқаратын
лауазымы
Куәліктің нөмірі
Бе­рі­л­ген­кү­ні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның
өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы,
жо­ға­луы ту­ра­лы
бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ескертпе: Журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

21 «Павлодар аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
АКТІ
_________________ ________________ №__________
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын
(бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), «Павлодар аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру
қағидаларының 7-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға
жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға,
басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:
Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады.
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымныңатауы Қолы

Қолданыстағы