О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
- Атауы (қаз.)
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 77-12/4
- Қабылданған күні
- 28.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2018 111523_333825.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LA005799
- ЭКБ идентификаторы
- 111523
- Редакция идентификаторы
- 111523_333825
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:36
0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. «Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 48/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5171 болып тіркелген, «Ақмешіт ақшамы» газетінің 2015 жылы 21 қазанындағы № 82-83 (1199-1200) және «Кызылорда Таймс» газетінің 2015 жылы 21-27 қазанындағы № 42 (1297) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қызылорда
қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н.Нұрсеитов ________________
«28» наурыз 2017 жыл