О внесении изменений в некоторые решения акима Жайсанского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима Жайсанского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 24.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2017 111541_178888.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CHJ05451
- ЭКБ идентификаторы
- 111541
- Редакция идентификаторы
- 111541_178888
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:39
0 Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 «Жайсаң ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде «селолық» сөздері «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөзімен ауыстырылсын.
2
2) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 1 «Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.