О едином организаторе государственных закупок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О едином организаторе государственных закупок
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1371
- Қабылданған күні
- 06.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2019 111593_409321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA004974
- ЭКБ идентификаторы
- 111593
- Редакция идентификаторы
- 111593_409321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 Мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
1-1 1-1. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сай анықталсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тізімдері
Өскемен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «02» мамыр
№ 1865 қаулысына
қосымша
Бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тізімдері
р/р
№
Жұмыстардың атауы
1.
Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу, ол жерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері болады (бюджет заңнамасымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
2.
Іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар аясында сатып алынатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
3.
Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
4.
Су құбырлары және жылу желілерінің, канализациялардың жөндеу жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
5.
Абаттандыру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
Ескерту: айлық есептік көрсеткіштің аталған мөлшері ҚҚС бірге есепке
алынады