Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 28.03.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2017 111651_259101.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GI003399
- ЭКБ идентификаторы
- 111651
- Редакция идентификаторы
- 111651_259101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:36
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Асановаға жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Сарысу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 28 наурыздағы
№60 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Р/с
Ұйымның
атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны
(адам)
1
2
3
4
5
1.
«Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
50
2%
1
2.
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
161
3%
5
3.
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
199
3%
6
4.
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
2%
2
5.
«Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
113
3%
3
Барлығы
607
17