Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и полос на озере Балхаш в границах Жамбылской области, в пределах расположения острова «Аякарал»

Қаулы · № 45 · қабылданған 16.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-111657/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и полос на озере Балхаш в границах Жамбылской области, в пределах расположения острова «Аякарал» Қолданыста Қаулы ·№ 45 ·16.03.2017
16.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и полос на озере Балхаш в границах Жамбылской области, в пределах расположения острова «Аякарал»

Қолданыста Қаулы ·№ 45 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и полос на озере Балхаш в границах Жамбылской области, в пределах расположения острова «Аякарал»
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралы шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
45
Қабылданған күні
16.03.2017
Қолданысқа енгізілген күні
14.05.2017
Көрсетілген редакция
16.03.2017 111657_178398.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17G0003401
ЭКБ идентификаторы
111657
Редакция идентификаторы
111657_178398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:43

0 Жамбыл облысы шекарасындағы

Балқаш көлінің «Аяқарал» аралы шегінде
су қорғау аймақтары мен
белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы шекарасындағы, Балқаш көлінің «Аяқарал» аралы шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері;

2 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы, Балқаш көлі шекарасында орналасқан «Аяқарал» аралы шегінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясының басшысы
___________________ С.М.Мұқатаев
___________________ 2017 ж.
Қазақстан Республикасы
ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Т.С.Төлендиев
___________________ 2017 ж.

11 Жамбыл облысы шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралы шегіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері

Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 45 қаулысына 1 қосымша
Жамбыл облысы шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралы
шегіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су нысаны
Су қорғау аймағының ені, метр
Су қорғау белдеуінің ені, метр
1
2
3
4
1.
Балқаш көліндегі «Аяқарал» аралының орналасқан шегінде
(342,0 метр су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ішкі шекарасы бойынша су белдеуінде қабылданды
500
100

12 Жамбыл облысы, Балқаш көлі шекарасында орналасқан «Аяқарал» аралы шегінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 45 қаулысына 2 қосымша
Жамбыл облысы, Балқаш көлі шекарасында орналасқан «Аяқарал» аралы шегінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

1 1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

2 2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

3

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.

Қолданыстағы