О некоторых вопросах республиканской собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканской собственности
- Атауы (қаз.)
- Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 248
- Қабылданған күні
- 05.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2017 111889_181573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000248
- ЭКБ идентификаторы
- 111889
- Редакция идентификаторы
- 111889_181573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:10
0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ЭКО» АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «ЭКО» АҚ қызметінің негізгі нысанасы:
1 1) деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
2 2) веб-порталдар болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) «ЭКО» АҚ жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) «ЭКО» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 248 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-164-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-181-жолмен толықтырылсын:
«21-181. «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 217-14-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-14-1-жолмен толықтырылсын:
«217-14-1. «Электрондық коммерция орталығы» АҚ».
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген 6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы».