Об утверждении Правил осуществления мониторинга волонтерской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления мониторинга волонтерской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42-1
- Қабылданған күні
- 24.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2022 111909_600566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015038
- ЭКБ идентификаторы
- 111909
- Редакция идентификаторы
- 111909_600566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:39
0 Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
қоғам Министрінің
2017 жылғы 24 наурыздағы
№42-1 бұйрығымен
бекітілді
Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 - бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Волонтерлік қызмет мониторингінің мақсаты – ақпаратты жинақтау негізінде волонтерлік қызметке талдау жүргізу, жалпы үрдістерді анықтау және волонтерлік қызметті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) волонтерлік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;
2) волонтерлік қызметтің мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау және талдау үрдісі.
3) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.
2-тарау. Волонтерлік қызметке мониторинг жүргізу тәртібі
4. Осы Қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 10 - бабына сәйкес мониторинг жергілікті атқарушы органдарымен волонтерлік қызмет мониторингі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
5. Мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған волонтерлік қызмет субъектілері және тәжірибесі, волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және акциялар туралы ақпарат, бақылаулар және әлеуметтік зерттеулер, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызмет субъектілерінің деректері негізінде жүргізіледі.
6. Мониторинг келесі кезеңдерден тұрады:
1) волонтерлік қызмет субъектілері туралы (түрі, есепті кезеңдегі субъектілер саны);
волонтерлік қызмет түрлері туралы;
волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялардың (соның ішінде мемлекеттік органдармен серіктестіктегі) іске асырылуы туралы;
волонтерлік қызмет субъектілерімен іске асырылатын волонтерлік қызметтің оң тәжірибесі туралы ақпарат жинақтау;
2) мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;
3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат әзірлеу Есептік ақпарат келесі құрам бойынша әзірленеді:
волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайын баяндау;
оң тәжірибені сипаттау;
туындаған мәселелерді баяндау;
волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру;
волонтерлік қызметтің ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеу және қабылдау бойынша қсыныстар беру;
мәселерді шешу бойынша ұсыныстар беру.