Об утверждении перечня участка недр, за исключением участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащего выставлению на аукцион
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня участка недр, за исключением участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащего выставлению на аукцион
- Атауы (қаз.)
- Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 14.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2018 111932_305731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015048
- ЭКБ идентификаторы
- 111932
- Редакция идентификаторы
- 111932_305731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:24
0 Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 18 наурыз
10 Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскесiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 14 сәуірдегі
№ 201 бұйрығымен бекітілген
Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскесiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесі
Р/с
№
Пайдалы қазбаның түрі
Жер қойнауы учаскесінің атауы
Орналасқан жері
Жер қойнауын пайдалану операцияларының түрі
Облыс
Географиялық координаталары
с.е. ш.б.
1
2
3
4
5
6
1
Көмір және уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар
М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59)
Шығыс-Қазақстан
49о18'00" - 84о26'00"
49о18'00"- 84о28'00"
49о17'00" - 84о28'00"
49о17'00" - 84о29'00"
49о16'00" - 84о29'00"
49о16'00" - 84о25'00"
49о17'00" - 84о25'00"
49о17'00" - 84о26'00"
барлау