О введении запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 06.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2017 111941_181554.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015102
- ЭКБ идентификаторы
- 111941
- Редакция идентификаторы
- 111941_181554
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:52
0 Қазақстан Республикасының
аумағынан қара металдардың
қалдықтары мен сынықтарын
әкетуге тыйым салуды енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, осы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204, 7302 10 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;
3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, мерзімді баспа басылымдарында жариялағанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 5 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_______________ Қ. Әбдірахманов
2017 жылғы 10 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 4 сәуір