Об утверждении Правил проведения аудита в области пожарной безопасности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргіз қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10492 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 201 жылғы 3 сәуір 2017 № 240 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит (бұдан әрі - аудит) – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестегі немесе сәйкес еместігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 2
2) объект – азаматтық қорғау саласында талаптар қойылған және талаптар қойылуға тиісті заңды және жеке тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, технологиялық жабдықтар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік;
Тармақша 3
3) өрт тәуекелі – өрт қауіптілігінің іске асу мүмкіндігінің және оның адамдарға және материалдық құндылықтарға салдарының сандық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) өрт қауіпсіздігі талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы жағдайлар;
Тармақша 5
5) сараптама ұйымы – өрт қауіпсіздігі саласында аудит қызметін жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте аккрредиттелген ұйым;
Тармақша 6
6) объектінің өрт қауіптілігі – өрттің туындау және өршу, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі.
Тармақ 3
3. Аудит объектінің басшысы мен сараптама ұйымының арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Аудит жүргізу мерзімі шартпен айқындалады, бірақ оны талаптар қол қойған күннен бастап үш айдан аспайды.
Тармақ 5
5. Аудит:
Тармақша 1
1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау; объектінің басшылары мен персоналының даярлығы;
Тармақша 2
2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және өршу мүмкіндігін, өрттің қауіпті факторының адамдарға тигізетін әсерін анықтау, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін объектіні зерттеу, оның ішінде: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттамалық және нақты сәйкес келуі; кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғауға арналған өрт техникасының бар-жоғы және жай-күйі;
Тармақша 3
3) объект әкімшілігімен объектіні өрт қауіпсіз күйге келтіру жөнінде консультациялар, ұйым қызметкерлерімен өрт-техникалық минимум және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқама өткізу;
Тармақша 4
4) объектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі туралы қорытынды дайындау іс-шараларын қамтиды.
Тармақ 6
6. Аудит нәтижесі бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.
Тармақ 7
7. Аудит қорытындысына аудит жүргізген сараптама ұйымының қызметкерлері қол қояды және сараптама ұйымының басшысы бекітеді. Аудит қорытындысы тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіледі және мөр болған жағдайда онымен куәландырылады.
Тармақ 8
8. Аудит қорытындысы оны бекіткен күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Тармақ 9
9. Қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына қорытындының көшірмесін ұсынады.
Басқа 1.1
Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларына қосымша Нысан Бекітемін Сараптама ұйымының басшысы _______________________ сараптама ұйымының атауы, _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні, мөр ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 20___ ж. «__»_________ № _____________ ___________________________________________________________________ бағалау объектісінің атауы, мекенжайы Қорытынды 5 жұмыс күні ішінде келіп түсті _______________________ ______________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің аумақтық органы Кіріс №_____ күні ____________ 1. Тапсырыс беруші және орындаушы туралы мәліметтер: 1.1 Тапсырыс беруші туралы мәліметтер Тапсырыс берушінің толық және қысқартылған атауы _______________ ______________________________________________________________ тапысырыс беруші ұйымның атауы Тұратын жері __________________________________________________ Ұйым басшысы ________________________________________________ 1.2. Орындаушы сараптама ұйымы туралы мәліметтер (орындаушының толық және қысқартылған атауы) ______________________________________________________________ орындаушы ұйымның атауы Тұратын жері ______________________________________________________________ Ұйымның басшысы ______________________________________________________________ Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттелген. ____ жылғы № ____ аккредиттеу аттестаты _______ жылға дейін жарамды. 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі шарт болып табылады (көшірмесі қоса беріледі). 3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізуге қатысушы адамдар: 4.1. Тапсырыс беруші және орындаушы, ұйым, пайдаланылған объекті өкілдерінің лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың қатысуымен тексеру жүргізілді ______________________________________________________________ 5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілетін объект. Нақты пайдаланылуына сәйкес атауы: ______________________________________________________________ ғимараттардың, құрылыстардың, аумақтардың атауы көрсетілуі тиіс Функционалды өрт қауіптілігінің сыныбы: ______________________________________________________________ Мекенжайы:___________________________________________________ Құқық түрі: жеке меншік, жалға алу, жедел басқаруда: ______________________________________________________________ 6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит негізінде жүргізілген өрт қауіпсіздігі талаптарының айқындалуы. Объектіге арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілер тізбесі ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ тізбесі көрсетіледі 7. Объектінің жалпы техникалық сипаттамасы. Кәсіпорын, ұйым мынадай қызмет түрін жүзеге асырады: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай мыналарға арналған: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай мыналар болып табылады: ______________________________________________________________ Қабаттылығы: ______________________________________________________________ Ғимарат іргетасы: ______________________________________________________________ Сыртқы қабырғалары (материалы): ________________________________________________ Ішкі қабырғалары және бөлу қабырғалары (материалы): ______________________________________________________________ Жабыны (түрі, материалы): ______________________________________________________________ Сатысы (материалы): ______________________________________________________________ Ғимарат биіктігі: ______________________________________________________________ Ғимарат, үй-жай ауданы: ______________________________________________________________ Ғимарат көлемі: ______________________________________________________________ Жарық беру: ______________________________________________________________ Желдету: ______________________________________________________________ Жылу беру: ______________________________________________________________ Объектіні: ______________________________________________қорғайды 8. Құжаттамалық тексеру Р/с № Құжаттаманың атауы бар жоқ ескертпе 1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық 2 Қызметкерлердің өрт-техникалық минимум өткендігі туралы куәліктері 3 Өртке қарсы режимді белгілеу туралы бұйрық 4 Объектідегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық 5 Өртке қарсы негізгі, бастапқы, қайталау және нысаналы нұсқамалар тіркеу журналы 6 Өртті анықтаудың және сөндірудің, түтіннен тазарту және адамдарды құлақтандыру (ол болған кезде) автоматты жүйелерді пайдалануға енгізу актілері 7 Өртті анықтау және сөндіру жүйелерін, түтіннен тазарту және жүйелерін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жөніндегі жұмыстардың жоспар-кестесі 8 Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру актілері 9 Жабынның металл өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын пайдаланылудың сынау хаттамасы 10 Бастапқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және техникалық жай-күйін есепке алу журналы 11 Отқа қарсы өңдеудің жай-күйін тексеру хаттамасы 12 Күштік және жарық беру электр жабдықтарын, электр желілерін оқшаулау қарсылығын өлшеу актілері 13 Жерге тұйықтайтын және жерге тұйықтағыш кедергілерді тексеру хаттамасы Объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын, қосымша талдау жүргізілген құжаттама, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 9. Объектіні тексерудің нәтижелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың баптарын, тармақтарын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жазу: 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________ 3._____________________________________________________________ ______________________________________________________________ Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық болмаған жағдайда, бұзушылықтың болмауы туралы тиісті жазба жүргізіледі. 10. Обьектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмегендігі туралы қорытындылар. ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 11. Осы қорытындының қосымша шарттары. Қорытынды мынадай: тапсырыс беруші таратылған және ауысқан (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға); осы қорытындыда көрсетілмеген (яғни қайтадан жол берілген) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар: ғимараттың (құрылыстың) сәулет-құрылыс, көлемдік-жоспарлау шешімдері; технологиялық процестер, аумақтар. Сондай-ақ, объектінің немесе оның бөлігінің өрт қауіптілігінің (функционалдық мақсатының) сыныбы өзгерген, күрделі жөндеу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жағдайларында күшін жояды. 12. Пайдаланылған нормативтік актілер мен құжаттардың, анықтамалық көздер мен бастапқы деректердің және басқа да ақпараттың тізбесі: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 14. Қосымша: аккредиттеу құжаттары; аудит жүргізуге қатысатын адамдардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері; өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі жұмысты жүргізу шарты; қорытындының 8-тармағы бойынша растайтын құжаттардың көшірмелері. Аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері: _______________ __________________ ____________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________ _______________ ____________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Аудитті жүргізген сараптама ұйымының өкілдері: __________________ _________________ __________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________ __________________ _________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Тігілген, мөрмен куәландырылған. Парақтар ________________________ соңғы парақтың артқы бетінде