Об утверждении Правил формирования Национального доклада о состоянии государственной службы в Республике Казахстан и его представления Президенту Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования Национального доклада о состоянии государственной службы в Республике Казахстан и его представления Президенту Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 473
- Қабылданған күні
- 06.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2021 111949_510512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1700000473
- ЭКБ идентификаторы
- 111949
- Редакция идентификаторы
- 111949_510512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:10
0 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 6 мамырдағы
№ 473 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну
ҚАҒИДАЛАРЫ
1
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынудың осы қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 7-4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну тәртібін айқындайды.
2
2 Ұлттық баяндаманы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған ақпарат, уәкілетті орган жұмысының нәтижелері, мемлекеттік қызметтегі кадр жағдайын талдау және бағалау, мемлекеттік қызметті қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру, осы саладағы жұмысты одан әрі дамыту және жақсарту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастырады.
3 3. Ұлттық баяндаманың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1 1) кіріспе;
2 2) негізгі бөлім;
3 3) қорытынды.
Кіріспеде Ұлттық баяндаманы ұсынудың негіздемесі мен мақсаты және оның қысқаша мазмұны қамтылады.
Ұлттық баяндаманың негізгі бөлімі мемлекеттік қызмет саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың мәнін, жағдайы мен негізгі нәтижелерін көрсететін деректерді және:
1 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадр жағдайы туралы мәліметтерді;
2 2) кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты;
3 3) есепті жылдағы уәкілетті органның қызметін талдау, сондай-ақ іске асырылып жатқан саясаттың елдегі мемлекеттік қызметтің жағдайына әсерін бағалауды қамтиды.
Қорытындыда мемлекеттік қызметтегі кадр жағдайын талдау және бағалау, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар, сондай-ақ келесі есепті жылға арналған оларды іске асырудың міндеттері қамтылады.
4 4. Қажет болған жағдайда Ұлттық баяндаманы мәтінде сілтемелер жасалған тәртіппен орналастырылған қосымшалармен толықтыруға жол беріледі.
5 5. Уәкілетті орган Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұратуды есепті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарға жолдайды.
6 6. Уәкілетті органның сұратуы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар тиісті ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
Ақпаратқа мемлекеттік органның аппарат басшысы қол қояды.
Уәкілетті орган Ұлттық баяндаманы сапалы дайындауға қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.