О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых сельских округов Щербактинского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство некоторых сельских округов Щербактинского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Шарбақты ауданының кейбір ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 111960_182502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005494
- ЭКБ идентификаторы
- 111960
- Редакция идентификаторы
- 111960_182502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0 Павлодар облысы
Шарбақты ауданының
кейбір ауылдық округтерінің
әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шарбақты ауданының кейбір ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шарбақты ауылдық округі құрылсын, аумақтық орталығы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы болып белгіленсін;
Сынтас ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Шарбақты ауданының Сынтас және Богодаровка ауылдары Шарбақты ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Шарбақты ауданының Аникино ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылына берілсін;
Татьяновка ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Шарбақты ауданының Сахновка ауылы Жылы-бұлақ ауылдық округінің құрамына, Шарбақты ауданының Марьяновка ауылы Галкин ауылдық округінің құрамына, Шарбақты ауданының Татьяновка және Малиновка ауылдары Шарбақты ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Алексеевка ауылдық округінің Николаевка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округінің Алексеевка ауылына берілсін;
Сосновка ауылдық округінің Сретенка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауданы Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылына берілсін;
Шарбақты ауданының Көлбұлақ ауылы Хмельницкий ауылдық округінен Жылы-бұлақ ауылдық округіне берілсін.