О переименовании некоторых населенных пунктов Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых населенных пунктов Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 112001_182506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005497
- ЭКБ идентификаторы
- 112001
- Редакция идентификаторы
- 112001_182506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0 Павлодар облысының кейбір
елді мекендерін қайта атау
туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы
4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 259 және Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 46/8 «Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Ивановка ауылының және елді мекендеріндегі көшелер атауларын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне, Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 925-1/10 және Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 қарашадағы № 59/8 «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Парамоновка ауылын қайта атау жөнінде ұсыныс жасау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысының кейбір елді мекендері:
1 1) Ақтоғай ауданы бойынша:
Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Ивановка ауылы Жалаулы ауылы болып;
2 2) Ақсу қаласы бойынша:
Ақсу қаласы Достық селолық округінің Парамоновка ауылы Береке ауылы болып қайта аталсын.