Об упразднении сел Камбар, Тортай, Красная поляна, Спартак, Шокпар, Кырыкуй Актогайского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении сел Камбар, Тортай, Красная поляна, Спартак, Шокпар, Кырыкуй Актогайского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Қамбар, Тортай, Красная поляна, Спартак, Шоқпар, Қырықүй ауылдарын тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 112002_182992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005498
- ЭКБ идентификаторы
- 112002
- Редакция идентификаторы
- 112002_182992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0 Павлодар облысы Ақтоғай ауданының
Қамбар, Тортай, Красная поляна,
Спартак, Шоқпар, Қырықүй
ауылдарын тарату туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының құрамына енгізу арқылы Ақтоғай ауылдық округінің Қамбар ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының құрамына енгізу арқылы Ақтоғай ауылдық округінің Тортай ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының құрамына енгізу арқылы Қараоба ауылдық округінің Красная поляна ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының құрамына енгізу арқылы Қараоба ауылдық округінің Спартак ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Муткенов ауылының құрамына енгізу арқылы Муткенов ауылдық округінің Шоқпар ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының құрамына енгізу арқылы Шолақсор ауылдық округінің Қырықүй ауылы.