Об упразднении сел Баимбет, Теренколь, Кумсуат, Широкое Лебяжинского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении сел Баимбет, Теренколь, Кумсуат, Широкое Лебяжинского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Лебяжі ауданының Байымбет, Тереңкөл, Құмсуат, Широкое ауылдарын тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 112006_182318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005500
- ЭКБ идентификаторы
- 112006
- Редакция идентификаторы
- 112006_182318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0 Павлодар облысы Лебяжі
ауданының Байымбет,
Тереңкөл, Құмсуат,
Широкое ауылдарын
тарату туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Лебяжі ауданы Шақа ауылының құрамына енгізу арқылы Шақа ауылдық округінің Байымбет ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Лебяжі ауданы Тақыр ауылының құрамына енгізу арқылы Баймолда ауылдық округінің Тереңкөл ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Лебяжі ауданы Черное ауылының құрамына енгізу арқылы Қызыләскер ауылдық округінің Құмсуат ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Лебяжі ауданы Жамбыл ауылының құрамына енгізу арқылы Жамбыл ауылдық округінің Широкое ауылы.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.