Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны

Қаулы · № 113-900 · қабылданған 10.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112014/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны Күшін жойған Қаулы ·№ 113-900 ·10.05.2017
28.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны

Күшін жойған Қаулы ·№ 113-900 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113-900
Қабылданған күні
10.05.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2018 112014_325587.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G17A113900A
ЭКБ идентификаторы
112014
Редакция идентификаторы
112014_325587
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:10

0 Астана қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Астана қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 890 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3254) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17-тармақтың 1) тармақшасындағы «және Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару» деген сөздер алынып тасталсын;

2

2) «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 113-1559 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 946 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы № 109 (3314) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 1 қазандағы № 109 (3332) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы» деген сөздер мен сандар «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі» деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын.

2

2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы