Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 11.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2017 112087_252164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SB004179
- ЭКБ идентификаторы
- 112087
- Редакция идентификаторы
- 112087_252164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:26
0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес шарт негізінде үй-жай ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық сайлау
комиссияның төрайымы
________________О. Плищенко
2017 жылғы «10» сәуірдегі
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «11» сәуірдегі
№89 қаулысына 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын
№ р/с
Ауылдық округ атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын
1
Смирново ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы аумақта орналасқан ақпараттық стенд
6 Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «11» сәуірдегі
№89 қаулысына 2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ұсынылған үй-жай
№ р/с
Ауылдық округ атауы
Кездесулер өткізу орны
1
Смирново ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы