Құжат мәтініне өту

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Тупкараганском и Мангистауском районах

Қаулы · № 81 · қабылданған 19.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112158/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Тупкараганском и Мангистауском районах Күшін жойған Қаулы ·№ 81 ·19.04.2017
30.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Тупкараганском и Мангистауском районах

Күшін жойған Қаулы ·№ 81 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в Тупкараганском и Мангистауском районах
Атауы (қаз.)
Маңғыстау, Түпқараған аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
19.04.2017
Көрсетілген редакция
30.04.2021 112158_522754.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17M0003357
ЭКБ идентификаторы
112158
Редакция идентификаторы
112158_522754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:20

0 Маңғыстау, Түпқараған

аудандарында карантиндік режимді
енгізе отырып, карантинді аймақты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 01-43/549 және 2016 жылғы 13 қазандағы № 01-43/647 ұсыныстарының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округіне қарасты «Ақниет» - 1 га, «Жайдары» - 1,5 га, «Науша» - 2 га шаруа қожалықтарында және дара кәсіпкер «Абдикеримова Гулбаршын Акимгалиевна» – 1,5 га, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдық округіне қарасты дара кәсіпкер «Койшыгулова Е» – 3 га қауын шыбынымен, сондай-ақ Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округінде - 1 га, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылдық округінде – 0,5 га және Түпқараған ауданының «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 3,4 га у кекіре – арамшөбімен залалданған карантинді объектісінің анықталуына байланысты, көрсетілген залалданған жер учаскелеріне карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Р.Н. Түменов
«19» 04 2017 ж.
Маңғыстау ауданының әкімі
____________ Ж.Қ. Айтуаров
«19» 04 2017 ж.
«Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Б. Ерсайынұлы
«19» 04 2017 ж.
Түпқараған ауданының әкімі
____________ Т.Т. Асауов
«19» 04 2017 ж.

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «19» 04 № 81
қаулысымен бекітілген
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы
Орындау мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
2
3
4
1.
Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Үнемі
Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2.
Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау
Үнемі
Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3.
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)
Вегетация
кезеңінде
Маңғыстау ауданының әкімдігі,
Түпқараған ауданының әкімдігі,
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
4.
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету
Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
5.
Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу
Үнемі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашышаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Қолданыстағы