Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения акима Егиндыбулакского аульного округа Мугалжарского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 10.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112198/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения акима Егиндыбулакского аульного округа Мугалжарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·10.05.2017
10.05.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения акима Егиндыбулакского аульного округа Мугалжарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения акима Егиндыбулакского аульного округа Мугалжарского района
Атауы (қаз.)
Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
10.05.2017
Көрсетілген редакция
10.05.2017 112198_185956.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CIG05497
ЭКБ идентификаторы
112198
Редакция идентификаторы
112198_185956
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:09

0 Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1 қазақ тіліндегі «Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Миялыкөл ауылындағы көшеге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-90 тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпанда «Мұғалжар» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2 2) 2012 жылғы 4 мамырдағы № 4 «Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-171 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Мұғалжар» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

орыс тіліндегі шешімінің деректемелеріндегі «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақты ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы