Некоторые вопросы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 19.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 112207_387355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000276
- ЭКБ идентификаторы
- 112207
- Редакция идентификаторы
- 112207_387355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:03
0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне;
2 2) «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 мамырдағы
№ 276 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-37-жол алып тасталсын;
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-139-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 330-1-жолмен толықтырылсын:
«330-1. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-2-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-5-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-9-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-9-1-жолмен толықтырылсын:
«359-9-1. «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-21-жол алып тасталсын.