О переименовании некоторых улиц села Шарбакты Щербактинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Шарбакты Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 05.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2017 112285_185969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PMP05509
- ЭКБ идентификаторы
- 112285
- Редакция идентификаторы
- 112285_185969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 Шарбақты ауданы
Шарбақты ауылының
кейбір көшелерін қайта
атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
50 КазССР көшесін – Мәншүк Мәметова көшесі;
Восходная көшесін – Баян батыр көшесі;
521 км көшесін – Бірлік көшесі;
Советов көшесін – Тәуелсіздік көшесі;
3 сентября көшесін – Наурызбай батыр көшесі;
Вокзальная көшесін – Шоқан Уалиханов көшесі;
Садовая көшесін – Қанаш Қамзин көшесі;
Ленин көшесін – Малайсары Тархан көшесі;
Западная көшесін – Қаныш Сәтбаев көшесі;
Автомобилистов көшесін – Жамбыл Жабаев көшесі;
3 микрорайон көшесін – Степан Токарев көшесі;
Южная көшесін – Иван Ворушин көшесі;
25 лет Октября көшесін – Талғат Бигелдинов көшесі;
Школьный переулок көшесін – Достық көшесі;
Химиков көшесін – Абылай хан көшесі;
Промышленная көшесін – Қабанбай батыр көшесі;
Орджоникидзе көшесін – Владимир Поляков көшесі;
Мир көшесін – Бөгенбай батыр көшесі деп қайта аталсын.