Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Урджарского района области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Урджарского района области Абай
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 17.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 112309_757133.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VR005035
- ЭКБ идентификаторы
- 112309
- Редакция идентификаторы
- 112309_757133
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:41
0 Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18-бабының 2) - тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Қ. Сейтқановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Үржар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы М. Ақпеков
«21» апреля 2017 жыл
4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Үржар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 72 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.