Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в городе Кокшетау

Өзге акт · № С-9/8 · қабылданған 18.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112337/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в городе Кокшетау Күшін жойған Өзге акт ·№ С-9/8 ·18.04.2017
20.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в городе Кокшетау

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-9/8 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в городе Кокшетау
Атауы (қаз.)
Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-9/8
Қабылданған күні
18.04.2017
Көрсетілген редакция
20.03.2018 112337_306416.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BA005957
ЭКБ идентификаторы
112337
Редакция идентификаторы
112337_306416
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:21

0 Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Кодексiнiң 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн және автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

2 2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезiнде, жерлерiне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елдi мекен Көкшетау қаласы болып айқындалсын.

3

3. Көкшетау қалалық мәслихатының «Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкаларын ұлғайтуы туралы» 2012 жылғы 3 қазандағы № С-11/7 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашада «Көкшетау» және «Степной Маяк» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
____________Е.Маржықпаев
2017 жылғы «18» сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
_____________ Б.Каримов
2017 жылғы «18» сәуір

5 Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Көкшетау қалалық  мәслихатының
2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8
шешiмiне 1 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

р/с
Автотұрақтардың (паркингтердiң) түрлерi
Санаттар
1
Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2
Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

6 Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық мөлшерлемелер

Көкшетау қалалық  мәслихатының
2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8
2 қосымша
Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық мөлшерлемелер
№ р/с
Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық мөлшерлемелер
Базалық мөлшерлеменің ұлғаюы
1
1 санат
5,79
он есе
2
2 санат
5,79
он есе

Қолданыстағы