О квоте рабочих мест для инвалидов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 107
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О квоте рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 21.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2020 112348_505906.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VN005031
- ЭКБ идентификаторы
- 112348
- Редакция идентификаторы
- 112348_505906
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:19
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасы туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Умутбаеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Күршім ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 21.04.
№ 107 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4