Құжат мәтініне өту

О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Қаулы · № 19/15 · қабылданған 17.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112401/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Қолданыста Қаулы ·№ 19/15 ·17.05.2017
17.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Қолданыста Қаулы ·№ 19/15 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)
Атауы (қаз.)
Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/15
Қабылданған күні
17.05.2017
Көрсетілген редакция
17.04.2023 112401_626206.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KA004262
ЭКБ идентификаторы
112401
Редакция идентификаторы
112401_626206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:04

0 Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Қарағанды қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:

1

1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;

1-1

1-1) кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне - тегін жолақы;

1-2

1-3

1-3) кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жетім – балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата – анасының бірінен айырылған балаларға, жалғыз басты аналардың балаларына– тегін жолақы;

2 2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;

2-1 2-1) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – тегін жолақы;

3 3) екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жолақы;

3-1 3-1) бірінші, екінші, үшінші топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата - анасының біреуіне – тегін жолақы;

3-2 3-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің қорғаншыларына – тегін жолақы;

3-3 3-3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;

4 4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - тегін жолақы.

5 5) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін жолақы.

2 2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын және жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген ұзақ пайдаланылатын жол жүру карталары берілсін.

3

3. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы