Құжат мәтініне өту

О реорганизации некоторых республиканских государственных учреждений Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Қаулы · № 321 · қабылданған 31.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112451/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О реорганизации некоторых республиканских государственных учреждений Министерства культуры и спорта Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 321 ·31.05.2017
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации некоторых республиканских государственных учреждений Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 321 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации некоторых республиканских государственных учреждений Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
321
Қабылданған күні
31.05.2017
Көрсетілген редакция
04.10.2023 112451_659149.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000321
ЭКБ идентификаторы
112451
Редакция идентификаторы
112451_659149
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:57

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Археография және деректану ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мемлекеттік архивтердегі деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құжаттану және архив ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Археография және деректану ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 3-бөлімде:
16), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
16)
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ
27
17)
«Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ
27
18)
«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ
25
»;
19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы