Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 17.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 112465_462559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VK005030
- ЭКБ идентификаторы
- 112465
- Редакция идентификаторы
- 112465_462559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:23
0 Кәмелеттік жасқа толғанға дейін
ата-анасынан айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 -бабының 9 ) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С. Сапарғалиеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Зайсан ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 206 қаулысына
1 қосымша
Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с
№
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны
Бекітілген квота мөлшері (%)
1
«СК-Зайсан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
247
1%
2
«САЙКАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
94
1%
3
«Зайсан-Нұр-Керуен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
42
1%
4
«Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Зайсан орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
503
1%
5
«Зайсан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
19
1%
6
«Зайсан қала әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
28
1%