Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 322 · қабылданған 31.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112487/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 322 ·31.05.2017
31.05.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 322 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
322
Қабылданған күні
31.05.2017
Көрсетілген редакция
31.05.2017 112487_196653.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000322
ЭКБ идентификаторы
112487
Редакция идентификаторы
112487_196653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:57

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізуді;

2 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолмен толықтырылсын:
«25. «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық.».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы