О некоторых вопросах местного государственного управления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах местного государственного управления
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 307-қ
- Қабылданған күні
- 04.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2015 112505_190930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15LC00307A
- ЭКБ идентификаторы
- 112505
- Редакция идентификаторы
- 112505_190930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:16
0 Жергілікті мемлекеттік басқарудың
кейбір мәселелері туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арал аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
қазақ тілінде – «Арал аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып,
орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение «Аральский районный отдел ветеринарии» болып қайта аталсын.
2. «Арал аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 24-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4877 нөмірімен тіркелген, «Толқын» газетінде 2015 жылғы 7 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.