Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос водных объектов в створе Николаевского рудника филиала товарищества с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» - производственного отдела «Востокцветмет»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос водных объектов в створе Николаевского рудника филиала товарищества с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» - производственного отдела «Востокцветмет»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 25.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2017 112545_189309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005051
- ЭКБ идентификаторы
- 112545
- Редакция идентификаторы
- 112545_189309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:17
0 «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері шекаралары жобасына сәйкес, су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонайха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2017 жылғы «26» 04
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «27» 04
7 «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы– «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы «25»
сәуірдегі № 113 қаулысына
қосымша
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы– «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы,
км
Ауданы,
га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Таловка өзені (оң жағалау)
4,115
68,17
70-500
3,455
13,88
35-55
Пасечный
бұлағы
10,2
241,24
420-570
3,908
31,88
35-75
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.