Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района

Қаулы · № 193 · қабылданған 23.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112579/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района Қолданыста Қаулы ·№ 193 ·23.05.2017
23.05.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района

Қолданыста Қаулы ·№ 193 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
193
Қабылданған күні
23.05.2017
Көрсетілген редакция
23.05.2017 112579_189996.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UH004114
ЭКБ идентификаторы
112579
Редакция идентификаторы
112579_189996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:02

0 Ордабасы ауданы әкімдігінің

кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ордабасы ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 23 мамырдағы
№193 қаулысына қосымша
Ордабасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі

1

1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №431 «Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 3937 болып тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2017 жылғы 14 қаңтарында жарияланған).

2

2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №433 «Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда №3931 болып тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2017 жылғы 14 қаңтарында жарияланған).

3

3. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №445 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 3956 болып тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2017 жылғы 21 қаңтарында жарияланған).

Қолданыстағы