Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 788
- Қабылданған күні
- 16.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2018 112580_365121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0005862
- ЭКБ идентификаторы
- 112580
- Редакция идентификаторы
- 112580_365121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тiзбесін және
субсидиялар нормаларын
бекіту туралы
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2
2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №554 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5587 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «15» мамырдағы № 788 қаулысымен
бекітілген
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі
Бір гектарға (тоннаға) субсидия
нормасы,
теңге
1.
Күріш
18 000
2.
Қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдары (екі айналым)
10 000 000
3.
Сүрлемдік жүгері
23 050
4.
Егістікке және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер
16 370
5.
Майлы дақылдар
26 275