Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидирования отрасли животноводства

Қаулы · № 102 · қабылданған 05.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112621/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидирования отрасли животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 102 ·05.05.2017
19.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидирования отрасли животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 102 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидирования отрасли животноводства
Атауы (қаз.)
Мал шаруашылығы саласын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102
Қабылданған күні
05.05.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2019 112621_394776.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17T0003876
ЭКБ идентификаторы
112621
Редакция идентификаторы
112621_394776
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:11

0 Мал шаруашылығы саласын

субсидиялау нормативтерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14813 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын бие сүтін өндіру және қайта өңдеу, жылқы етін өндіру, түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу, түйе етін өндіру, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, асыл тұқымды малдар сатып алу бойынша шығындардың 50%-на дейін құнын арзандатуға субсидиялар бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының
Бірінші вице-министрі
_________________ Қ.Айтуғанов
2017 жылғы «4» мамыр

4 Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «5» мамырдағы
№102 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «5» мамырдағы
№102 қаулысымен бекітілген
Жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын бие сүтін өндіру және қайта өңдеу, жылқы етін өндіру, түйе
сүтін өндіру және қайта өңдеу, түйе етін өндіру, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, асыл тұқымды малдар сатып алу бойынша шығындардың 50%-на дейін құнын арзандатуға субсидиялар бойынша субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыттары
Өлшем бірлігі
1бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Жылқы шаруашылығы
1
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату
кг
206
2
Жылқы етін өндіру және құнын арзандату
кг
454
Түйе шаруашылығы
1
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу және құнын арзандату
кг
226
2
Түйе етін өндіру құнын арзандату
кг
418
Ешкі шаруашылығы
1
Ешкі сүтін қайта өңдеу және құнын арзандату
кг
187
2
Асыл тұқымды мал сатып алу
бас
20000

Қолданыстағы