Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Астана
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Астана
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 346
- Қабылданған күні
- 29.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2017 112630_193693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015187
- ЭКБ идентификаторы
- 112630
- Редакция идентификаторы
- 112630_193693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:59
0 Астана қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы
№ 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ішкі нарықта айналдыру үшін Астана қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – орта мерзімді бағалы қағаздар;
2 2) көлемі – 15 000 000 000 (он бес миллиард) теңгеден артық емес;
3 3) нысаналы мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында.
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;