Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «КазМунайГаз»

Қаулы · № 344 · қабылданған 07.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112642/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «КазМунайГаз» Қолданыста Қаулы ·№ 344 ·07.06.2017
07.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «КазМунайГаз»

Қолданыста Қаулы ·№ 344 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «КазМунайГаз»
Атауы (қаз.)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
344
Қабылданған күні
07.06.2017
Көрсетілген редакция
07.06.2017 112642_191691.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000344
ЭКБ идентификаторы
112642
Редакция идентификаторы
112642_191691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:52

0 «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының

кейбір мәселелері туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы оған «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамына «Trade house KazMunaiGaz N. V.» акциялар пакетінің 100 %-ын, «Valsera Holdings B.V.» акциялар пакетінің 50 %-ын, «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС қатысу үлесінің 49,7 %-ын, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысу үлесінің 99,53619433 %-ын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

3 3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті іс-шараларды орындасын және осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

1 1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 23-жол алып тасталсын;

2

2) «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 32-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
44.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысу үлесінің 99,53619433 %
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-жолмен толықтырылсын:
«
77.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ акциялары пакетінің (90 %-ы минус 1 жай акция)
».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы