О внесении изменений в некоторые постановления акимата Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/07
- Қабылданған күні
- 12.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2018 112743_323477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17K0004270
- ЭКБ идентификаторы
- 112743
- Редакция идентификаторы
- 112743_323477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:08
0 Қарағанды облысы
әкімдігінің кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы «12» мамырдағы
№ 29/07 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1
1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3357 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 тамызында № 111-112 (21862-21863) «Индустриальная Караганда» және № 126-127 (22012) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
8 тармақтың 4) тармақшасы орыс тілінде келесі редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілде мәтін өзгермейді:
«4) аким подписывает результат государственной услуги и направляет в канцелярию - 15 (пятнадцать) минут;»;
8 тармақ орыс тілінде келесі редакциядағы 5) тармақшамен толықтырылсын, мемлекеттік тілде мәтін өзгермейді:
«5) сотрудник канцелярии регистрирует и направляет результат оказания государственной услуги услугополучателю - 15 (пятнадцать) минут.».
2
2. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 тамызында № 111-112 (21862-21863) «Индустриальная Караганда» және № 126-127 (22012) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
5 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты маманды анықтайды – бір жұмыс күні;
нәтиже – орындау үшін жауапты маманды анықтау;
3) жауапты маманның құжаттарды Стандарттың 9-тармағына көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарауы және Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды – үш жұмыс күні;
нәтиже – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешімге қол қоюға жіберу;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшы шешімнің жобасын қарастырады және қол қояды - 30 минут;
нәтиже - мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін электрондық нысанында береді - 15 минут;
нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау.».
3
3. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 болып тіркелген, 2015 жылдың 13 тамызында № 113-114 (21864-21865) «Индустриальная Караганда» және № 128 (22013) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметшісі бұрыштама қою үшін құжаттарды басшыға жолдайды - 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім жобасын әзірлейді – 5 (бес) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім жобасына қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні;
5) басшының қолы қойылған мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау – 15 ( он бес) минут.».
4
4. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 тамызында № 107 (21858) «Индустриальная Караганда» және № 122 (22007) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
8 тармағы 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4) қортындысын шығару және нәтижеге қол қою (5 минут);»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1 тармағының бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі-қызметті беруші) Қарағанды облысының оңалту орталықтары, педагогикалық –психологиялық түзеу кабинеттері (бұдан әрі – қызмет беруші) болып табылады.»;
4 тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін бастау үшін (іс –қимылдың) көрсетушімен қабылданған өтініш пен құжаттар негіз болып табылады.»;
5 тармағының бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«4 іс - қимыл – мүмкіндігі шектеулі баланың медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жүргізу. 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін;»;
8 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4) мүмкіндігі шектеулі баланың медициналық-психологиялық–педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту жүргізу (90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін);»;
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрестілетін қызмет регламентінің қосымшасы келесі редакцияда жазылсын:
11 «Дамуында проблемалары бар балалар мен
жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»